Женевада Құрылтайдың ЖИ жобасына жоғары баға берілді
Парламентаралық одақ Қазақстанның заң шығару ісінде жасанды интеллектіні қолдану стратегиясына жоғары баға берді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстан делегациясы AI-Quryltai жобасын 130 жылдан аса тарихы бар халықаралық ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде таныстырды. 2027-2029 жылдарға арналған стратегия бойынша жасанды интеллект азаматтардың өтініштерін талдауға, құқықтық сараптама жүргізуге және заң жобаларын әзірлеуге көмектеседі. Одақтың Бас хатшысы Анда Филиппен кездесуде тараптар ынтымақтастықты кеңейтіп, тәжірибе алмасуға уағдаласты.
Әлия Оспанова, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры:
– Осы кездесулер аясында байқағанымыз – Халықаралық парламент одағына мүше елдердің парламент өкілдері біздің Құрылтайдың жасанды интеллект және цифрлық даму бағытындағы ерекшеліктеріне таңғалып отыр. Негізгі мақсат – Құрылтай мен Халықаралық парламент одағы арасында өте тығыз қарым-қатынас орнату.