Елде 7 жылда 536 спорт нысаны бой көтерді
Қазақстанда соңғы жеті жылда 536 жаңа спорт нысаны ел игілігіне берілді. Соның нәтижесінде халықты спорт инфрақұрылымымен қамту көрсеткіші 44 пайыздан 59,6 пайызға дейін артты, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір елімізде 26 518 спорт нысаны бар. Оның 24 321-і мемлекеттік, 2 197-сі жекеменшік. Олардың қатарында стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейндер, теннис корттары, велотректер мен шаңғы базалары бар. Бұдан бөлек, соңғы жылдары қысқа мерзімде тұрғызылатын 75 спорт нысаны салынды. Спорт инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін өңірлерде жеке инвестиция тартуға арналған Жол картасы да әзірленді.