7 жылда 312 мәдени нысан салынды
Кейінгі жеті жылда елімізде 312 мәдени нысан салынды. Одан өзге өңір-өңірдегі ғимараттар мен материалдық-техникалық базалар жаңартылды, деп хабарлайды 24KZ.
Ауқымды жұмыстар Мемлекет басшысының мәдениет саласын дамыту, ұлттық мұраны сақтау, отандық өнерді қолдау бағыты аясында жүзеге асырылды. Атап айтсақ, соңғы жеті жылда жаңа 5 театр бой көтеріп, 10 мекемеге «Ұлттық», 9 ұйымға «академиялық» статусы берілген. Музей ісінде де елеулі өзгерістер жетерлік. Мәселен, 36 жаңа мұражай пайдалануға беріліп, олардың жалпы саны 286-ға жетті. Цифрлық каталогқа 66 мыңнан астам музей жәдігері енгізілгені және бар.