«Әділет» партиясы Жолдаудағы міндеттерді талқылады

Орман қауіпсіздігі мен өндірісті дамыту: «Әділет» партиясы Жолдаудағы міндеттерді өңірлерде талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен өткен кездесуде орман байлығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген экологиялық міндеттер мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы назардан тыс қалмады.

Теміртау қаласында «Qarmet» АҚ сервис қызметінің еңбек ұжымымен кездесу өткізген партия өкілдері экономиканы дамыту, өндірісті жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мәселелерін пысықтады. Кездесуде еңбек ұжымының өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ оқыңыз: