Мәслихат сайлауы: 334 орынға 1 165 кандидат тіркелді
Мәслихат сайлауында ең жоғары бәсеке көрсеткен өңір – Түркістан облысы. Мұнда бір депутаттық орынға 4-5 кандидаттан таласқа түсуде. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы 20 өңірдегі 334 орынға 97 партиялық тізім ұсынылыпты. Депутаттықтан үмітті 1 мың 165 кандидат тіркелген. Ел бойынша орта есеппен бір орынға 3-4 үміткерден келеді. Алдағы мәслихат сайлауы күні Қазақстанда 10 мың 338 учаске жұмыс істейді. Электорат тізіміндегі сайлаушылар саны 12 млн 680 мыңға жуықтайды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы дайындықты пысықтады. Әр өңірде құрылған штабтар учаскенің жағдайы бойынша есеп берді. Алдағы жексенбі күні Қазақстанда өңірлердегі мәслихат депутаттары сайланады. Бүгін – саяси үгіт-насихаттың соңғы күні.