Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албанияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: