Саясаттанушылар үгіт-насихат түрлерін талқылады

Биылғы сайлау үгіт-насихат жұмыстарының түрлерімен ерекшеленеді.

Саясаттанушылардың айтуынша, әлеуметтік желілерге негізделген сайлау компаниялары бұл процесстің цифрлық деңгейге көшкенін көрсетеді. Дегенмен, үгіт-насихат кезінде адамдармен бетпе-бет тілдесудің тиімділігі жоғары. Сонымен қатар Қазақстан жастары конвенті ұйымы сайлауға бейтарап байқаушыларды дайындаған. Арнайы семинарларда ерікті жастарға байқаушылардың құқықтары түсіндіріліп, сайлау тәртібі туралы ақпарат берілді. Жалпы Қазақстан жастары конвентінің атынан елордада 40 бейтарап байқаушы болады. 

Асылбек Әбдурашитов, Қазақстан жастар конвенті ұйымының директоры:

- Партиялық сайлаудағы біздің маңызды роліміз бейтарап байқаушыларды жастар тарапынан таңдау. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 221 мыңға жуық жастар бар. Саяси партияларға дауыс беру кезеңінде олардың 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың 178 мыңы дауыс беру құқығына ие.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

-  2016 жылғы сайлаумен салыстырғанда биылғы сайлауда үгіт-насихаттың технологиялары мүлдем бөлек. Бүгінде пандемия факторларына байланысты бізде көбінде онлайн технологиялар, онлайн форматтағы іс-шаралар көбірек болды. Басымырақ болды. Әрине бұл жерде ескеру керек, әр аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты.