Сайлауда Ақмола облысының шалғай ауылдары да белсенді

Сайлауда Ақмола облысының шалғай ауылдары да белсенді

Елді мекен тұрғындары таңмен таласа сайлау учаскелеріне барып, азаматтық міндеттерін атқаруға асықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Бурабай ауданына қарасты Ұрымқай ауылында 300-ден астам түтін бар. 1 мыңнан аса халық тұрады. Түске дейін олардың жартысынан көбі өз таңдауын жасап үлгерген. Елді мекен ақсақалдары болса, барлық қазақстандықтарды бұл науқанға бей-жәй қарамауға шақырады.

Сәдікен Ермеков, Ұрымқай ауылының тұрғыны:

- Ал, ағайын-туыстар, мынау сайлауға бармаймыз, сайлауға қатынаспаймыз, оның ешқандай пайдасы демеңіздер. Ол ертең өзіміздің келешегіміз. Ал, енді сайлаған адамымыз халықты ойласын, халықтың жағдайын ойласын. Сол депутаттарымыз халықтың жағдайына шықсын.

Насреддин Жылқыбаев, N369 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Халықтың белсенділігі өте жоғары. Әсіресе, бізді таң қалдырғаны таңғы 07:00-де сайлау учаскесі ашылмай жатып, есік алдына 20-30 адамның келіп дауыс бергендігі. Одан кейін халық кішкене бәсеңдеді. Ал, енді міне, қазір түске қарай халықтың белсенділігі тағы да артуда.