Дауыс беру кезінде халықаралық талаптар сақталды – ТМД ПА байқаушысы

Шетелдегі сайлау бөлімшелерінде жұмыс істеп жатқан халықаралық байқаушылар сайлау бірқалыпты өтіп жатқанын айтады.

Мәскеуда қазақстандықтар барлық санитарлық ережелерді сақтап, дауыс беруде. Келген адамдардың дене қызуы өлшеніп, оларға бетперде, қолғап және санитайзерлер үлестіріліп жатыр.  Байқаушылардың мәлімдеуінше, заң бұзушылық тіркелген жоқ. Мәскеудегі нөмір 265-бөлімшеде ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары сайлау барысын бақылап отыр.

Андрей Брыксенков, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушысы:

- Сайлау комиссиясының жоғары біліктілігін атап өткім келеді. Ұлттық заңдылықтың барлық шарттары мен халықаралық талаптар сақталды. Сайлау ашық және демократиялық жолмен өтетініне сенімдімін.