Өмер Қожаман: Сайлауда өрескел заңбұзушылықтар тіркелген жоқ

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің делегациясы сайлауды ұйымдастыру жұмыстарына оң баға берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, «Қазақстандағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау заңды, транспарентті және ашық өтті. Парламенттік сайлау қорытындысына арналған брифингте делегация басшысы барлығы ұлттық заңнаманы сақтай отырып ұйымдастырылғанын атап өтті. Миссия сайлау нәтижесіне әсер ететін өрескел заңбұзушылықтар тіркелмегенін хабарлады.

Өмер Қожаман, ТМЫК Бас хатшысының орынбасары:

- Елорданың сол және оң жақ жағалауындағы сайлау учаскелерінде болдық. Барлық ақпарат қолжетімді, қамтамасыз етілді. Қала тұрғындары тарапынан да белсенділікті көрдік. Учаскелерде барлық санитарлық талаптар сақталған. Біздің делегациямыздың пікірінше, пандемия жағдайында сайлаушылардың 60%-тен астамының дауыс беруге келгені өте қуантады.