Президент адам құқықтары жөніндегі Жарлыққа қол қойды

фото: liter.kz

Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Твиттердегі» парақшасында осылай деп жазды. Сондай-ақ Президент тиісті Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Онда адам саудасы құрбандарының құқығын қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты кемсітуді жою, пікір білдіру бостандығы, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау сияқты бағыттар қамтылған.