Елбасы Ресей президентіне пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді

Елбасы Ресей президентіне пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді
фото: rbc.ru

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеудегі басқосуда тараптар қос елдің стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын дамыту мәселелерін талқылап, Еуразиялық кеңістіктегі интеграция болашағын сөз етті. Елбасы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын мемлекетаралық қарым-қатынастың үлгісі ретінде қарастыруға болатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентіне пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Қарағанды фармацевтикалық зауытында «Спутник V» вакцинасының шығарылуы соның айқын дәлелі. Ал, Владимир Путин екі мемлекет арасындағы тауар айналымының 20%-ке артқанын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- История наших отношений – отношений Казахстана и России – стабильна и является примером межгосударственных отношений. Я продолжаю придерживаться этой линии. Выражаю благодарность Президенту России за оказываемую поддержку Казахстану в период пандемии, отмечу эффективность сотрудничества в рамках производства российской вакцины на Карагандинском фармацевтическом заводе.

Владимир Путин, РФ президенті:

- Сіздің қолдауыңыздың арқасында Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының болашағы зор деп айта аламын. Пандемия екіжақты тауар айналымының 4-5%-ке төмендеуіне әкеп соқтырды. Бірақ соңғы жарты жылда бұл көрсеткіш 20%-ке артты. Алдағы уақытта қарым-қатынасымыз одан әрі дами түседі деген үміттемін.