Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады
PrimeMinister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады.

Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.