Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшылары кездесті

Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшылары кездесті
primeminister.kz

Қазақстан мен Ресей шекаралық кен орындарында мыс өндіру кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қос елдің үкімет басшылары тиісті құжатқа қол қойды.

Айта кетейік, бүгін Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтан қаласына келген еді. Кездесуде екі мемлекеттің өнеркәсіп, энергетика, көлік және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жайы талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзге де мәселелер мен коронавирусқа қарсы бірлесіп күресу туралы да сөз қозғалды.

Ресей Федерациясы – Қазақстанның басты сауда әріптестерінің бірі. Соңғы жарты жылда екіжақты тауар айналымы 10,7 миллиард долларға жетті. Осы қарқын сақталса, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл 23 миллиард доллардан асуы мүмкін.