Мемлекет басшысы: Нәдір Нәдіровтің есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады

Мемлекет басшысы: Нәдір Нәдіровтің есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады
facebook.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты.

Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады, – делінген Президенттің жеделхатында.