Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығын таныстырды

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығын таныстырды

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығы Ермек Сағымбаевты ұжымға таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қызметтің үлкен жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталып, барлық қызметкерлерден, әсіресе басшылықтан ерекше білім мен біліктілік талап етілетінін айтты. Одан бөлек кадрлық әлеуетті арттыру мәселесін қозғады. Мемлекеттің күзет қызметінің офицерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.