Президент алдағы айларда жақын және алыс шетелдерге сапармен барады

Президент алдағы айларда жақын және алыс шетелдерге сапармен барады

Бірнеше саммитке қатысып, Қазақстанға келетін жоғары лауазымды қонақтармен кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының алдағы жұмыс жоспары ауқымды. Жалпы тамыз-қыркүйек айларында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік деңгейдегі 10 саммит пен форумға, оның үшеуіне офлайн, жетеуіне онлайн режимде қатысты. 2 мемлекетке сапармен барды және 7 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар 12 шетелдік делегацияны қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Кейінгі айларда Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі едәуір артты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыт бойынша сыртқы саяси аренадағы ықпалдастықты нығайтуға күш салып келеді. Әсіресе, халықаралық байланыстардың географиясын кеңейтуге баса көңіл бөлінуде», - деді Берік Уәли.