Біз өз жеріміздің қожайынымыз – Д.Абаев

Біз өз жеріміздің қожайынымыз – Д.Абаев

Біз өз жеріміздің қожайынымыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция кезінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары осылай деді.

Дәурен Абаев егемендікті енді алған тұста көрші елдердің қырын қарағанын жасырмады. Тіпті кейбірі «бұлар ел болмайды, жұтылып кетеді» деп, сәуегейлік танытса керек. Алайда осы 30 жылда Қазақстан өзгелермен иық тіресетін, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды, деді Дәурен Абаев.