Қазақстан көп бағытты сыртқы саясатты ұстанып отыр – А.Жуков

Қазақстан көп бағытты сыртқы саясатты ұстанып отыр – А.Жуков

Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімдер іс жүзінде көрініс тауып, екі елдің ынтымақтастығын бекемдей түсті.

Бұл жөнінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, халықаралық конференцияда Ресей Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуков мәлімдеді.

Айтуынша, қазір екі жақты парламент-аралық байланыс нығайды. Ұлттық заңнамаларды жетілдіруде әріптестік бар. Бұның барлығы қос тараптың экономикалық, гуманитарлық және мәдени қарым-қанымасын жақсартып, аймақаралық байланысты кеңейтті. Бұған қоса Александр Жуков Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуындағы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін ерекше атап өтті.

Александр Жуков, РФ Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазір Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасты. Бұны нық сеніммен айтуға болады. Ел билігі көп бағытты сыртқы саясатты ұстанып отыр. Оның артында бейбітшілікті сақтау мен тұрақты даму негіздері бар. Бұл бастамалар Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін айшықтады.