Содырлармен болған сойқан екі түнге созылды – Мемлекет басшысы

Алматыда Полиция департаментінің маңындағы ұрыс 2 түнге созылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ құқық қорғаушылар лаңкестердің шабуылына тойтарыс берді. Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының отырысында осы жайтты да атап өтті. Қаскөйлер оңтүстік шаһардағы 7 қару дүкенін басып алған. «Бұл – тыңғылықты дайындықтан өткен арнайы винтовкалары бар снайперлердің әрекеті», – деді Президент. Сонымен қатар лаңкестердің жеке байланыс құралы болғаны да анықталды. Ең сорақысы әскерилер мен құқық қорғаушылардың киімін киіп, бүлікшілердің арасына жасырынып кірген. Сөйтіп оларды қалқан ретінде қолданған. Шабуыл жасаған бандиттердің саны әскери қызметшілерден 5 есе көп болған. Олар бұл жағдайды пайдаланып, ел тыныштығын күзеткен полицейлерді асқан қатігездікпен азаптады. Өкінішке қарай, екеуінің басын кесті.