БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тарихи қарарына 30 жыл

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тарихи қарарына 30 жыл

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап», Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады.

Кеңес төрағасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» деп атап: «Мен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәнім жоқ»,-деп мәлімдеді.

Ол сондай-ақ: «Кеңес мүшелері Қазақстан бейбітшіл, БҰҰ Жарғысында қамтылған міндеттемелерді орындауға қабілетті және дайын мемлекет бола отырып, Жарғының қағидаттарында қамтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға белсенді және сындарлы ықпал ететініне сенімді»,-деп мәлімдеді.