«Nur Otan» партиясындағы реформа туралы сарапшы пікірі. LIVE

Жаңа Қазақстан жағдайында «Nur Otan» партиясы да жаңаруы керек. Бұл жайында төрағалық тізгінді қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Саяси ұйымды қандай өзгерістер күтіп тұр? Мемлекет басшысы нені меңзеді? Осы және өзге де сауалдарға тікелей байланысқа қосылған саясаттанушы Қазыбек Майгельдиновпен сұхбат жалғасты.

Саясаттанушы Қазбек Майгельдинов мынадай сұрақтарға жауап берді.

– Қазыбек Өмірзақұлы, Мемлекет басшысы бүкіл саяси күштен бірдей қашықта болуы керегін айтты. Мұны саяси реформалар пакетінде бекіту қажет деді. Сонда  бұл Президенттің қандай да бір партия мүшесі я төрағасы болуына тыйым салатын заң қабылдауды меңзегені ме?

– Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеу қажет – деді Президент.  Мұны «Нұр Отанның» өңірлік филиалдарын әкімдер басқармайды деп түсінген дұрыс па?

– Мәжілістегі партиялық фракцияны қайта жүктеу қажеттілігі де айтылды. Бұл нені білдіреді?  Фракция партия тізімімен шектелгенін білеміз. Сонда бір депутаттарды  Төменгі палатадан шығарып, осы тізімдегі басқа азаматтармен алмастыру деген бе, жоқ әлде бізді жаңа сайлау күтіп тұр ма?

– «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары қызметін алып тастау керек. Оның орнына атқарушы хатшы тағайындаған дұрыс, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл екі қызметтің айырмасы қандай?