Үкімет отырысында «Қазақтелеком» жұмысы өткір сыналды

«Қазақтелеком» жұмысына қатысты бизнес тарапынан көптеген шағым түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Монополист кәсіпорын тәуелсіз интернет желілеріне қосылуға мүмкіндік бермейді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы осындай олқылықтың бетін ашты. Агенттік бұл жүйені өзгертіп, Президент өткір сынаған олигаполияға тосқауыл қоймақ. Бастысы бұл шара тарифтердің әділ белгіленуіне ықпал етеді. Осы орайда Мемлекет басшысы монополияның болғаны дұрыс еместігін ескертті.