Қ.Тоқаев: Үкіметтік комиссияны Маңғыстауға қайта жіберу керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірде қалыптасқан ахуалға жеке тоқталып, қажет жағдайда Үкіметтік комиссияны тағы да Маңғыстау облысына жіберу туралы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде Маңғыстау өңірінде Үкіметтің қабылдаған шараларына қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келеді. Мемлекет басшысы бұл мәселені ашық мойындау керегін айтты. «Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс», – деді ол. Шеруге шыққандардың түйткілімен тек облыс әкімдігі ғана айналыспауы тиіс. Бұл ретте, Президент Үкімет пен Самырұқ-Қазына қоры осы бағаытта тығыз жұмыс істеуі тиіс екенін айтып, туындаған мәселені бірлесе қарауды тапсырды.