Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі тиіс – Мемлекет басшысы

Керісінше, аймақты дамыту үшін әкімдер шағын және орта бизнеске барынша септесуі шарт, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев кей әкімдердің кәсіпкерлік бастамаларға кедергі келтіретінін айтты. Мұндайдан арылу үшін әрбір кәсіп иесі 100 жұмыс орнымен қамтамасыз ету керек. Сондықтан Президент өңір және аудан басшыларына қызмет ету мәнерін түбегейлі өзгертуді тапсырды. Жалпы аймақтардың 82 проценті мемлекеттік дотацияға алақан жайып келеді. Бұлай болмауы тиіс. Осылай деген Президент Үкіметке бюджетаралық қатынасты реттеуді әлдеқашан тапсырғанын еске түсірді.