Заңсыз тауар айналымы ЕАЭО елдеріне зиян тигізіп отыр

Заңсыз тауар айналымы ЕАЭО елдеріне зиян тигізіп отыр

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығында қытай тауарларының заңсыз айналымы ұлғайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қырғызстан мен Ресейдің кедендік және салықтық қызмет өкілдерімен кездескенде айтты.

Мұндай импорт салдарынан бюджет қомақты қаражаттан қағылып отыр. Сондай-ақ сапасы төмен тауарлар тұтынушылардың денсаулығына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Мемлекеттер арасындағы бәсекеге негізделген өзара сауда-саттыққа да залал келтіріліп жатыр. Осы орайда тараптар саладағы бақылауды күшейтіп, кеден мен салық қызметіндегі ынтымақтастықты нығайтпақ.