Үкімет кәсіпкерлерге қандай көмек береді

Үкімет кәсіпкерлерге қандай көмек береді

Үкімет кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйтпесе халықтың әлемуеттік жағдайын көтеріп, экономиканы дамыту мүмкін емес. Осы бағытта Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, тамақтану сынды бірқатар салаға қойылатын талапты сараптау жұмысын бастады. Мемлекеттік бақылау жүйесі автоматтандырылады. Заң аясында жұмыс істеген кәсіпкерлерге, әкімшілік қысым азаяды. Монополияға қарсы шаралар күшейіп, бизнеске тең мүмкіндік беріледі. Бүгін ұлттық палатаның кезектен тыс съезіне қатысқан Премьер-министр осылай деді. Әлихан Смайылов кәсіпкерлерді де Президент тапсырмасын, жүзеге ассыруға, атсалысуға шақырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

– Үкімет бизнестің проблемаларын біледі және оларды шешу мәселесін ерекше назарында ұстайды. Отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірге инвестициялық ахуалды және бизнес ортаны жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылады. Сондай-ақ инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Онда негізінен жеке инвестицияларға басымдық беріледі. Бізге елдің экономикасын қалпына келтіру мен дамытудың драйвері болатын жобалар қажет. Қазақстандық бизнесті отандық экономикаға белсенді түрде инвестиция салуға шақырамын. Ал мемлекет өз кезегінде жеке меншіктің және заң үстемдігінің тұрақтылығына кепілдік беруі тиіс. Инфрақұрылым бизнестің бәріне қолжетімді болуы қажет.