Үкімет басшысы С.Чакрабартимен кездесті

Үкімет басшысы С.Чакрабартимен кездесті

Премьер-Министр Сума Чакрабартимен кездесіп, тараптар Үкіметтің биылға арналған іс-қимыл бағдарламасын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлихан Смайылов әзірленген шаралар кешені жол картасының 3 негізгі бағыты — экономикалық реформалардың стратегиясы мен бағдарламаларын жетілдіру, мемлекеттік басқару, коммуникация және бренд бойынша іске асырылатынын жеткізді. Ал кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру үшін өңірлік даму бағдарламалары енгізіледі. Үкімет өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларын қаржыландырудың тиімді тетігін әзірлейді.