Сарапшылар: Саяси өзгерістердің жүйесі қажет   

«Жаңа Қазақстан: реформалардың бағыт-бағдары» Бүгін осф тақырыпта елге белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар жиын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президенттің жаңа бастамаларына тоқталды. Сонымен қатар жаңа реформаларды әзірлеуге сарапшылар қауымдастығын тартудың, маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар алдағы саяси реформаларды іске асыруға қатысты ұсыныстарын, ортаға салды. Олар елдегі демо-кратиялық қоғамды одан әрі дамытуға септігін тигізетін және, Жаңа Қазақстанның негізгі тірегіне айналатын саяси реформаларды жүйелі түрде іске асыру қажет дейді.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорының орынбасары:

– Бұл жерде енді біраз уақыт бар. Осы аралықтың ішінде әлі талқылау болады. Бірнеше талқылау болады. Басқа қалаларда болады. Аймақтарда болады, өйткені өзгерістер аймақтарға қатысты да болуы мүмкін ғой. Сол себептен осы форматта осындай жаңағы сарапшылардың кездесуінде жиірек кездесіп, алдағы болатын саяси реформалардың бағыт-бағдарын анықтау бұл негізгі мақсат.