Елімізде міндетін орындамаған компаниялармен келісімшарт тоқтатылады

Жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензиялар қайта қаралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі қатты пайдалы қазба жұмыстары саласында 148, ал көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшарт толық орындалмаған. Яғни компаниялар өз міндетін атқармаған. Енді жол картасы аясында олардың кейбірі тоқтатылады. Кен орындары аукцион арқылы өзге инвесторға берілмек. Бұл туралы бүгін Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Аукционда  барлық мүдделі инвесторға тең мүмкіндік беріледі. Оны өткізу уақыты мемлекеттік органдар мен баспа беттерінде жарияланады. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, инвестициялар ағыны көбейеді.