Таразда қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған азаматтардың ісін депуттаттар бақылауға алды

Қаңтарда болған қақтығыс кезінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған азаматтардың ісін Парламент Мәжілісінің депутаттары бақылауға алды.

Тараз қаласына Азат Перуашев пен Қазыбек Иса арнайы барып, ұсталғандардың туыстарымен кездесті. Тергеуге алынған күдіктілердің пікірін өз ауыздарынан естіп, жағдайды назарда ұстауға уәде берді. Депутаттар қылмыскерлер мен бастамашы топ өкілдерін және жазықсыз жалаға іліккендерді мұқият зерттеп, нағыз кінәлілерді ғана жазаға тарту керек, дейді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азаматтар отыратын камераларды аралап шығып, сол қамалған адамдармен кездесіп, олардан депутаттарға айтар арыздары болса, оларға заңсыз әрекеттер болса сол жайында ақпарат беруге жабық әнгімеге шақырдық. 14 адам мұндай әңгімеге ниет білдірді. Қазір тағы екі адамның аналары келіп, солар жайлы да біз бас прокурорға сауал жіберейін деп отырмыз.