«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Президентке есеп берді

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Президентке есеп берді

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты. Одан бөлек, қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қорды реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.