Президент Қызылорда облысының әкімін қабылдады

Президент Қызылорда облысының әкімін қабылдады

Қызылорда облысында өндірістік өнім көлемі – 0,8, өңдеу өнеркәсібі –14,5, жеке инвестиция –11,7, сауда – 2,4 процентке, пайдалануға берілген тұрғын үй – 8,6, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 0,3%-ке артқан. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 456 жұмыс орны ашылған. Кездесу барысында облыс экономикасына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде тапсырма берілді.