Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастығы артады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшылары екіжақты байланысты талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынасының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы уақыт аралығында қос тарап та бірқатар жетістікке қол жеткізді. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты дамыту керек екенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мысыр президентін Қазақстанға шақырды.