Беларусь Республикасымен сауда-экономикалық байланыс беки түспек

Беларусь Республикасымен сауда-экономикалық байланыс беки түспек

Әлихан Смайылов Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді. Тараптар өзара сауда-экономикалық байланыстарды, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясын одан әрі дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының өсімі 15,7% болды. «Екі ел арасында барлық сала бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін сенімді диалог жолға қойылған. Қазақстан-Беларусь қатынастарының негізгі өзегін сауда-экономикалық байланыстар құрап отыр»,– деп атап өтті Әлихан Смайылов.