Украинадан Қазақстан азаматтары үшін арнайы әуе рейсі шықпақ

Украинадағы Қазақстан елшілігі ондағы Қазақстан азаматтарына арнайы әуе рейсін ұйымдастырды.

Аталған рейс 25-26 ақпанда Польшаның Катовице қаласынан шығады. Қазақстандықтар үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.

Елшіліктегілер қазақстандықтардан бүгін мүмкіндігінше Львовқа жетуін сұрайды. Жиналу орны: Замкнена көшесі, 3/1 мекен-жайындағы ҚР Құрметті консулдығы.

Қосымша ақпарат алу үшін экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуға болады:

+38 (032) 240-36-70

+38 (067) 989-28-19