Д.Қалетаев: 637 қазақстандық Украинадан эвакуациялауға өтініш берді

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның 80 азаматы Польшаға өтті. Бұған қоса 260 отандасымыз қазақстандық дипломаттармен бірге Украина-Польша шекарасында кезегін күтіп тұр. Тағы 211 адам автобуспен келе жатыр. Жиналу пунктіне келген соң барлығы бірге ұшады. Елші сондай-ақ Харьковтан, Львовқа пойызбен 12 қазақстандық студент жіберілгенін айтты. Алдағы уақытта басқа да рейс ұйымдастыру жоспарланған.

Дархан Қалетаев, Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі:

– 73 азамат қазірдің өзінде Польшада. Жолда 211 азамат бар. Қазіргі уақытта жалпы 637 адам эвакуациялауға өтініш қалдырды.