Украинадан эвакуациялау: қазақстандықтар мінген 2 автобус Польшаға өтті

Украина-Польша шекарасында тұрған қазақстандықтардың бір бөлігі, яғни екі автобус адам Польша аумағына өтті.

Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев шекарада қазақстандық азаматтар мінген 4 автобус кезек күтіп тұрғаны айтқан еді. Олардың әрқайсысында 40-50 адамнан отырған. Ал кеше Польшаға өткен ең үлкен автобуста 80-дей адам болған. Елші шекарадан тек дипломатиялық көліктер ғана кедергісіз өтетінін айтады. Ал украиндан жалдаған автобустар кезек күтеді. Дипломатиялық көліктер арқылы 40 қазақстандық пен елшілік қызметкерлерінің 25 отбасы мүшесі шекарадан өткен. Дархан Қалетаевтың айтуынша Харьковте 40 студент қалған. Олар қазір пойызбен Львовқа жету үшін теміржол станциясына келген. Елші олармен байланыстамыз дейді. Сумы қаласында да екі қазақстандық қалған. Киевтегі елшіліктің жертөлесінде 40 адам отыр. Елші эвакуацияға өтініштер әлі де түсіп жатқанын айтады.