Сенаторлар ЕҚЫҰ отырыстарына қатысты

Сенаторлар ЕҚЫҰ отырыстарына қатысты
senate.parlam.kz

ҚР Парламенті Сенатының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Венада өткен қысқы сессиясына қатысты.

Аралас сипатта өткен сессияның күн тәртібіне Тұрақты комитеттің, Парламенттік Ассамблеяның жалпы үш Комитетінің отырыстары, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік кепілдігі және қауіпсіздіктің ортақтығы: ЕҚЫҰ рөлі тақырыбы бойынша пікірсайыс енген болатын.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы, осы ұйым институттарының басқа да басшылары, сондай-ақ оның Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы парламентшілер алдында сөз сөйледі.

ЕҚЫҰ ПА арнаулы өкілі болып табылатын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Тұрақты комитет отырысы аясында Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қысқы отырысқа сенаторлар Ақмарал Әлназарова, Ғұмар Дүйсембаев және Қайрат Қожамжаров та қатысты.