Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті – СІМ

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті – СІМ
ҚР СІМ

28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті.

ҚР СІМ мәліметінше, шекарада тағы 99 отандасымыз өз кезегін күтуде, олармен бірге Киевтегі ҚР елшілігінің дипломаттары бар.

Польшадағы ҚР елшілігі азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етуде.

«Эйр Астана» эвакуациялық борты (174 орын) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:50-де Атырау қаласынан ұшып шықты. Катовицы қаласына келудің есептік уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14:00.

Катовице-Атырау бағыты бойынша кері ұшу 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:30-да жоспарланған», ­– делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовицы қаласына ҚР азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.