С.Шойгу: Ресейдің әскери операциясы жалғасады 

С.Шойгу: Ресейдің әскери операциясы жалғасады 

Ресей елінің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы алға қойылған мақсатқа жеткенге дейін жалғасады деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, басты мақсат – Батыс елдерінен келер әскери қауіпті болдырмау. Ведомство басшысының сөзінше, Ресей армиясы Украина аумағын басып алмайды және бейбіт азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау үшін барлық шараларды қабылдайды. Қарулы Күштер тек әскери нысандарға ғана соққы беріп жатыр.