Қ.Тоқаев пен В.Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Ақорда

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, – делінген телеграм парақшасында. 

Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.