Украинадан 30 шақты жүргізуші шыға алмай отыр – «Атамекен» ҰКП

Отыздан астам жүк көлігінің жүргізушісі Украина аумағынан шыға алмай жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінде 17 жүргізуші Польшаға қарай бет алған. Бұған дейін 21 жүк тасымалдаушы Украинадан шығып кетті. 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдованың аумағына жеткен. Тағы үш жүк көлігінің жүргізушісі Польша шекарасынан өтіп кеткен. Қазір олар Беларусь арқылы Қазақстанға қарай бет алды.