Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Ақорда

Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.