АҚШ елшілігі Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді

АҚШ-тың еліміздегі дипломатиялық миссиясы Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Украинада ахуал ушығып барады. Сондықтан қазір ұзақ мермізді шаралар мен олардың салдары туралы кесім айту қиын. Алайда АҚШ санкциялары Ресей экономикасына бағытталған және басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның экономикасына әсері барынша аз болуына мән береміз. 30 жылдық әріптестігімізді ескеріп, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және нығайтуға көмектесуге дайынбыз», - делінген елшілік таратқан мәліметте.