Қ.Тоқаев ЕҚДБ басшысымен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен байнебайланыс арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар транзиттік тасымал, қаржы секторы салаларында инвестициялық жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды. Президент Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы ынтымақтастыққа көңілі толатынын атап өтті. Өзара тиімді ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды және Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін елімізге сапармен келуге шақырды.