Қазақстан мен Еуроодақ диалогы

Елордада Қазақстан-Еуроодақ диалог платформасының тоғызыншы отырысы өтті.

Жиынға қатысушылар тараптар арасындағы байланысты нығайту жайын талқылады. Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі екі жақты қарым-қатынастың тұрақтылығы басым бағыт болып қалады деді. Ал премьер-министр Әлихан Смайылов былтыр одақ елдері мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының 21 процентке артқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің жаңа ұсыныстарды қабылдауға және бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.