Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жолдауды іске асыру мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған Премьер-Министр, Парламент Мәжілісінің төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты. Олардың ұсыныстарын тыңдаған Мемлекет басшысы биылғы Жолдауын іске асыруға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша бірқатар тапсырма берді.