Буча қаласында болған оқиғаны БҰҰ тергеуі керек – М.Әшімбаев

Украинаның Буча қаласында болған оқиғаны Біррікен Ұлттар ұйымының комиссиясы тергеп, оның нәтижелерін халықаралық қауымдастыққа жариялау керек.

Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір қорытынды жасау әлі ерте. Сондай-ақ Әшімбаев Қазақстан Украина елінің тұтастығын сыйлайтынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Үлкен трагедия, қалай болды, неге болды, батыс мемлекеттер бар, олар эмоцияға салынбайды, айып тақпай, БҰҰ аясында тергеу жүргізу орынды. Мұндай мәселелерге қатысты халықаралық конвенциялар, шарттар бар. БҰҰ аясында тиісті жұмыстар ұйымдастырылған дұрыс.