Тіркеуге өтініш берген 3 партияның құжаттары кері қайтарылды

Тіркеуге өтініш берген 3 партияның құжаттары кері қайтарылды.

Бұл туралы бүгін Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Айтуынша, әзірге бұл бірлестіктер барлық қажетті құжатын тапсырған жоқ. Ведомство басшысының айтуынша, әзірге партияларға ескі талаптары қойылады. Яғни ұйымдастырушы топта мың адам, ал мүше саны 20 мыңнан кем болмауы тиіс.

Естеріңізге салайық, жақында Мемлекте басшысы өз Жолдауында бұл көрсеткішті 4 есеге төмендетуді тапсырған.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- Тіркеуге 3 партия тапсырыс берді. Ел тірегі, Байтақ партиясы. Олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған. Өйткені ұйымдастыру тобының ішінде ИИН, партиялық несі көрсетілуі керек қой. Кейбір жерде ИИНі келмейді. Қайтыс болып кеткен адамдар ұйымдастыру тобына кіргізілген. Басқа партиялардың мүшелері бар. Сол кісілерді тізімнен шығару керек.

Жаңа облыстар 1 жарым айдан кейін бөлініп шығады

Сондай-ақ Қанат Мусин елде жаңа облыстардың құрылуына қатысты мәлімдеме жасады. Оның хабарлауынша, қазір Үкімет бұл өңірлердің бюджеттерін бөлу және олардың шекарасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шамамен 1-1,5 айда алға қойылған барлық жоспар жүзеге асады,- деді ведомство басшысы.